Досым Әліби... Бугінде барлық сынақтан өтіп, жаның жәннаттың төрінде жүргеніңе сенімдімін. Өйткені, сен бұл өмірде тек жақсы істеріңмен өмір сүрдің. Есіңде ме, сіздің сыныпқа алғаш келгенде маған тисе беруші ең ғой. Жанар апайымыз мені сенің қасыңа отырғызып, екеуміз болмашы нәрсеге күле беруші едік. Менің көңіл-қошым жоқ болса, мені қытықтап, көңілімді көтеруге тырысатынсың. Сен сабаққа келмесең, ішім пысатын. Сыныпты ылғи күлдіртіп отыратынсың. Енді сол күндердің барлығы тек естелік қана. Сен қайтыс болды дегенде бүкіл мектеп болып қабырғамыз қайысып, жыладық. Қатал тағдыр (ажал) ортамыздан сен сияқты керемет, қайталанбас досты суырып алып кетті. Кешірші досым, қадіріңді кеш түсіндім. Кешірші мендей ақымақ досыңды. Ылғи түсіме кіресің, сенің жоқтығыңа бірталай болса да, жүрегім әлі сене алар емес. Қааатты сағынам. Айтады ғой, жатарда нені ойлап жатсаң түсіңде соны көресің деп. Иә иә, мен үнемі сені ойлап жатам, өмірімде енді көрмейтінімді біліп, тым болмаса түсімде көрейнші деп. Түсімде көремін сені, ылғи маған қарап, күлімдееп тұрасың, сенің сол бейнеңді сағынғаныма міне 2 жыл да болып қапты. Бүгін міне туылған күнің де келіп жетті. Білесің бе 14 ке толған кезіңде, сыныпқа жүгіріп келіп, "апай, апай, бүгін менің туылған күнім ғо, құттықтамайсыз ба?" деп апайды да бізді де күлдірттің. Тірі болғаныңда шіркін, қазір 16 ға толушы едің. Туылған күніңмен досым. Қара жерді қымтанып, бір төмпешік болып жатқан Досым – Әліби жатқан жерің жайлы, топырағың торқа, жаның жәннәтта болғай! Қош… Әліби… Қош, Досым!

Теги других блогов: туылған күн Досым Әліби